12 маусым күні Тереңкөл аудандық «Сейділдә хазірет» мешітінде шәкірттер арасында облыстық Құран жарысы өтті.
Жарысты жылы лебіздерімен сөз бастаған облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы Құранның қасиеті жөнінде уағыз айтып қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс жоғары деңгейде өтті.
Жарыстың әділқазылар алқасында «Мәшһүр Жүсіп»-Қарилар даярлау орталығы»-ның директоры Манас қари бастаған «Әбубәкір сыддық» медресесінің ұстаздары болды .
Жарыс екі аталым бойынша өткізілді.
30 парадан бақтарын сынаған 16 қатысушы болса, 30 қатысушы 22 сүреден сынға түсті.
Ертіс аудандық мешітінің шәкірті 9 жасар Арынғазы Сырым Ерболатұлы ең жоғары ұпай алып барлығынан алға шықса, екінші орынға Ақтоғай аудандық мешітінің шәкірті Жасталап Ерсін Қосманұлы ие болды. Үшінші орынды Екібастұз қалалық мешітінің шәкірті Ахмадқожа Юнусов жеңіп алды.
Ал екінші аталым бойынша бірінші орынды Павлодар қалалық «Әбубәкір сыддық» мешітінің шәкірті Мәдениет Темірлан жеңіп алса, екінші орынды Сапарғали Алдияр, үшінші орынды Смирнов Мұхаммед есімді шәкірттер иеленді.
Барлық қатысушыларға мадақтама жеңімпаздарға сертификат және ақшалай сыйлықтар берілді.