ҚМДБ-ның биылғы «Ислам және дәстүр құндылығы» жобасына орай «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» 3-кітабының танытымы Павлодар қалалық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өткізілді.
Шараға мешіттің белсенді жамағаты, қаланың құрметті, абыройлы ақсақалдары, ата-апалар қатысты.
Кітапта сан ғасыр бойы халқымыздың тұрмысында қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз жан-жақты қамтылып, оның асыл дінімізбен ұштасқан тұстары сараланып берілген. Еңбек: -Дәстүрдің ұлттық құндылығы- дін мен дәстүрдің тәрбиелік мәні
-Дәстүр – ізгі қоғам негізі
-Тәрбиеге толы дәстүрлер
-Салт- дәстүр еңбекке жетелейді
-Тыйымдар мен ырымдардың мән-мағынасы атты тарауларға бөлінген.
Бірінші тарауы бойынша Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы, екінші тарауы бойынша Нұршат қажы Нұрғалиева апамыз, үшінші тарау бойынша облыстық қажылар қауымдастығының төрайымы Айжан қажы Әпсаттарова, төртінші тарау бойынша облыстық «Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қадыр қажы Ажымұратов, бесінші тарау бойынша «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханашысы Назым Ғизатқызы Шайкенова апамыз түсінік беріп, баяндамалар жасады.
Соңында бас имам Жолдас Қоспақұлы дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан діни жолымызды, төл мазһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды сақтап қалудың қажеттілігі туралы айтып, аталмыш құнды еңбекті оқу, жас ұрпаққа дәріптеп насихаттаудың маңызын шараға қатысушыларға түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.







