ПАВЛОДАРДА «10 ЖЫЛ – ИМАН МЕН ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДА» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

ПАВЛОДАРДА «10 ЖЫЛ – ИМАН МЕН ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДА» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

1
2 мин
ПАВЛОДАРДА «10 ЖЫЛ – ИМАН МЕН ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДА» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «10 жыл – иман мен ізгілік жолында» атты рухани кеш өтті.

Рухани кештің басты мақсаты – 2016 жылы құрылған Әйел-қыздар секторының он жылдық қызметін қорытындылау, өңірдегі әйел ұстаздардың еңбегін дәріптеу, шәкірттерді ынталандыру және ізгілікке үндейтін рухани құндылықтарды насихаттау.

Кештің шымылдығы Павлодар облысының өкіл имамы Жұманазар Өсерханұлының Құран оқуымен ашылды. Өкіл имам өңірдегі әйел ұстаздардың еңбегіне ізгі тілегін білдіріп, бірқатар ұстаздарды марапаттады. Сонымен қатар жиналған жамағатқа Құранның қадірі мен діни білімнің маңызы жөнінде тағылымды насихат айтты.

Рухани жиын барысында Павлодар облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Тұрғынбай Ахерке мен Ақсу қалалық мешітінің ұстазы Амангелді Күмісхан уағыз-насихат айтып, жамағатты имандылыққа, ізгілікке және көркем мінезге шақырды.

Кештің маңызды сәттерінің бірі – Құран әліппесін аяқтаған шәкірттерді марапаттау рәсімі болды. Мәшһүр Жүсіп, Ақмешіт, Омар әл-Фаруқ және Әбу Бәкір Сыддық мешіттерінің шәкірттеріне арнайы сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ шәкірттер дайындаған әсерлі сахналық қойылым көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қазақтың қара өлеңдері домбырамен орындалып, ұлттық өнеріміз ұлықталды. Ал діни білімді шыңдауға арналған қызықты ойындар кештің мазмұнын толықтыра түсті.

Он жыл – талай шәкірттің білімге қадам басқан, талай жүректің иман нұрымен сусындаған, ізгілікке толы қызметтің тарихы. Осы жылдар ішінде әйел ұстаздарымыз діни сауат ашу, уағыз-насихат, мәдени-ағартушылық және қайырымдылық бағыттарында еңбек етіп, дін мен дәстүрді дәріптеуге үлес қосып келеді.

Он жылдық рухани кеш – өткенге тағзым, бүгінге шүкір, келешекке сенімнің көрінісі. Алдағы уақытта да имандылық пен ізгілікті ту еткен игі істер жалғасын таба берсін!

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

6.jpeg

5.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

13.jpeg

12.jpeg

08e980ab-8779-4431-a8eb-b409caa019dc.jpeg

78c544cc-e102-4d48-a5de-67cff8e10845.jpeg

472357f5-8fe1-4bb3-b7f9-668fc8bbad84.jpeg

b81c5bce-5bbd-4236-bfc5-3152efa0619a.jpeg

bc871b4f-35fa-4fc5-b589-d6fd9c1e1c73.jpeg

f4694e7a-22d6-4b2b-ab7b-62f53a35cf02.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс