ҚҰРАН ЖАРЫСЫ

ҚҰРАН ЖАРЫСЫ

47
2 мин
ҚҰРАН ЖАРЫСЫ

Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с.) ның дүниеге келген мәуліт айында,пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)дың туған күніне орай ҚМДБ Павлодар облысы Ертіс ауданы Ержан мешітінің ұйымдастыруымен облыстық деңгейде, мешітте білім алып жүрген жасөпірімдер арасында " Бес пара ҚҰРАН ЖАРЫСЫ " өтті.

Алғаш сөз алған Ержан мешітінің бас имамы Бақытбек Төлеген дәстүрлі өткізіліп тұратын "Бес пара ҚҰРАН ЖАРЫСЫ " қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар жарысқа қатысушыларға берілетін жүлделерлерді атап өтті.

1 орын - Умраға жолдама.

2 орын - 70000теңге

3 орын - 50000теңге

Демеушілер аудан жамағаты және Құранға жанашыр азаматтар екенін атап өтті. Баршасына алғысын білдірді.

Облыстық "Машһүр - Жүсіп" мешітінің ұстазы   Манас қари жарыс шарты мен тәртібін талдап түсіндіріп өтті.

Жарыстың нәтижесінде, төрешілердің көңілінен шыққан "Бижан" мешітінің шәкірті Арнұр Алдиярұлы Киреевке 1 орынды табыс етті.

2 орынға Қадырхан Асхатұлы Мухамедияров лайықты шешті.Жүлделі 3 орынға Мақса Болатұлы Төлеген ие болды. Ертіс ауданы "Ержан" мешітінің талапты,ынталы шәкірті Сырым Ерболатұлы Арынғазыға арнайы демеушілік жасаған жергілікті азамат 50000 теңге тарту етті.

"Ғазиз" мешітінен келген Мұхтар Абдурахман да марапатқа ие болды.

Жақсы істің басында,жанашыр жүрер қасында" деп тегін айтылмаған ғой. Білім берген ұстаздар,демеушілік жасап,қолдау көрсеткен азаматтар ел болашағына зор үлес қосып жатқанын біреу білсе, біреу білмес. Міне біздің мұсылман бауырлардың мақсат - мүддесі бір жерден үйлесім табуда. Бірлік,ынтымақ, ниетіміз үйлесіп, әр қашанда биіктен көрінейік.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс