Павлодар қаласында «Оливье» дәмханасының 2 нысаны бар. Өткен жұмада аталмыш дәмхана нысандарына «Халал Даму» стандарты талаптарына сәйкес куәлік табысталды.
Тексеру барысында дәмханалардың өндіріс үдерістері, қолданылатын шикізаттар мен санитарлық талаптардың сақталуы, даяшылық мәдениеті т.б көрсеткіштері жан-жақты қаралып, халал талаптарына толық сәйкестігі анықталды.
Нәтижесінде, аталған нысандарға «Халал Даму» куәлігі ресми түрде берілді.

