Бүгін Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы орталығында ҚМДБ-на қарасты қала, аудан имамдарының көшпелі жиналысы өткізілді.
Жиналыста жылдың алғашқы 5 айында атқарылған іс-шаралар есебі, соның ішінде ҚМДБ-нан басты назарға ұсынған бағыттар (дін мен дәстүр, ихсан, жат ағыммен күрес) талқыланды.
Сонымен қатар имамдардың жауапкершілігі туралы арнайы айтылды.
Келесі кезекте Құрбан Айтқа дайындық пысықталып, мүфтияттан берілген тапсырмаларды дер кезінде орындау, есепті уақытында мезгілімен беру, Айт күндері халықпен тығыз байланыста болу, зекет және қайырымдылық шараларын ұйымдастыру қатарлы тапсырмалар нақтыланды.
Мұндай шаралар жалғасын тауып, алдағы уақытта көшпелі жиналыстар өткізіліп тұратын болады.