Баянауыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Мұратұлының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша мемлекеттік әлуметтік тапсырыс негізінде Майқайың кенті, Қызылтау ауылдық округы, Баянауылы ауданы орталықтарында семинарлар өткізілді.
Семинарға аталмыш ауыл, кенттің жастар өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, этно мәдени бірлестіктермен азаматтық сектор өкілдері қатысты.
Семинарды Павлодар қаласы «Умар әл- фаруқ» мешітінің имамы, оңалту саласының жауаптысы Тұрапбай Ақтөре Әліпбайұлы қатысып, жат ағымдар, олардың құрығына байқаусыз ілініп қалудан сақ болу, дәстүрлі діни білімді жетілдіру, дінді тек мешіт имамдары мен ұстаздарынан үйрену туралы кең көлемде насихат жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.