ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігінің «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығына 2024 жыл бойы белсенді қызмет көрсетіп, жан-жақты қолдау білдіріп келген молдаларды ҚМДБ Qamqor-Sharapat салттық қызмет көрсету орталығының директоры Рсымов Мейрамбек Қабылбекұлы арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Алғыс хатты облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы оларға табыс етті.
Алғыс хатта:
Елімізде мұсылман қауымының ұлттық салт-дәстүрімізбен үндескен асыл дінімізге сай өмір тіршілігін қамтамасыз етуге өз құзыреті шеңберінде үлес қосып келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының өңірдегі жұмысын белсене атсалысқаныңыз үшін Өзімнің және орталық ұжымының атынан айрықша алғысымды білдіремін.
Алла Тағала деніңізге саулық, отбасыңызға береке дарытсын!
Әрдайым имандылық жолындағы еңбегіңіз жанып. екі дуниеде абыройлы болуыңызға тілектеспін,-деп жазылған.