АТАМЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН ҮШ-АҚ АУЫЗ СӨЗІ

АТАМЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН ҮШ-АҚ АУЫЗ СӨЗІ

1345
2 мин
АТАМЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ  БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕГЕН ҮШ-АҚ АУЫЗ СӨЗІ

1.   ҰЯТ БОЛАДЫ

Қазағымның ұят болады дегені өлімнен ұят күшті,ұятты істі істеме дегені; жаным арымның садағасы арым малымның садағасы дегені.

   2. ЖАМАН БОЛАДЫ

Қазағымның жаман болады дегені жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені; жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді дегені.

2.  ОБАЛ БОЛАДЫ

Қазағымның обал болады дегені әр нәрсенің сұрауы бар саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені.

        ***

Қазіргі кезде елімізде бала құқықтарының тапталуы,оларға қарсы жасалып жатқан зорлық зомбылық пен кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы әртүрлі құқық

бұзушылықтар мен қылмыстардың деңгейі және «жайсыз отбасылар» саныныңда азаймай отырғандығы қоғамның көңілін алаңдатып отыр.

Қоғамға қауіпті осындай   олқылықтар ең алдымен, өзіміздің тарапымыздан                                 бала тәрбиесіне жете көңіл бөлінбеуінен және осы жұмысқа дұрыс бағыт-бағдар берудің жетіспеушілігінен туындап отырғандығын айтуымыз керек.

Міне,сондықтан ағайын,өскелең ұрпақтың санасына атамыз Қазақтың үш ауыз сөзінің қадір-қасиетін сіңіре білсек, балаларымызды талай қауіп

қатерден қоғамға жат қылықтардан қорғап әрі сақтаумен қатар оларды тәлім-тәрбиесі жоғары деңгейдегі азаматтар етіп өсірер едік.

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс