АҚСУ ӨҢІРІ ИМАМДАРЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУІ

АҚСУ ӨҢІРІ ИМАМДАРЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУІ

36
2 мин
АҚСУ ӨҢІРІ ИМАМДАРЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУІ

Ақсу өңірінің имамдары Мәмәйіт Омаров ауылында бас қосып, рухани әрі мазмұнды кездесу өткізді. Аталған жиын дін қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.

Жиын барысында Ақсу қалалық мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Омаров «Уағыз айту әдебі мен мәдениеті» тақырыбында кеңінен баяндама жасады. Ол өз сөзінде уағыздың тек ақпарат жеткізу құралы емес, жүрекке әсер ететін, адамды ізгілікке жетелейтін маңызды рухани құрал екенін атап өтті. Сонымен қатар, имамдарға жамағатпен қарым-қатынаста сабырлылық, көркем мінез, сөздің нақтылығы мен шынайылығы аса маңызды екеніне тоқталды. Уағыз барысында заманауи қоғамның сұранысын ескеру, жастармен дұрыс байланыс орнату, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану мәселелері де кеңінен қозғалды.

Кездесу барысында имамдар өзара сұрақ-жауап алмасып, пікір бөлісті. Әсіресе, қазіргі қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру, түрлі теріс ағымдардың алдын алу, отбасылық құндылықтарды насихаттау секілді маңызды тақырыптар талқыланды. Бұл басқосу тәжірибе алмасуға, ортақ мәселелерді саралауға және бірлескен шешімдер қабылдауға үлкен мүмкіндік берді.

Іс-шара тек ресми жиынмен шектелмей, ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жалғасын тапты. Имамдар арасында волейбол ойыны ұйымдастырылып, салауатты өмір салтының маңыздылығы насихатталды. Спорттық шара қатысушылардың бір-бірімен жақын танысып, достық қарым-қатынасты нығайтуына оң әсер етті.

Сонымен қатар, дастархан басында да тағылымды әңгімелер өрбіп, рухани құндылықтар, адамгершілік, имандылық тақырыптары кеңінен сөз болды. Имамдар ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты сақтау жолындағы ортақ міндеттерін тағы бір мәрте пысықтады.

Бұл кездесу имамдар үшін есте қаларлықтай, өнегеге толы күн болды. Бірлік пен ынтымақты арттырып, алдағы жұмыстарға тың серпін берген игі басқосу ретінде жоғары бағаланды.

1fbf6776-bfd5-440d-b0b5-3407413cb308.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс