ТӘКАППАР АДАМҒА ТӘН БЕЛГІЛЕР

ТӘКАППАР АДАМҒА ТӘН БЕЛГІЛЕР

333
1 мин
ТӘКАППАР АДАМҒА ТӘН БЕЛГІЛЕР

Тәкаппар адамға тән белгілер:

 

1. Өзін бәрінен ақылды көреді – басқаларды менсінбей, тек өзі дұрыс деп ойлайды. Өз пікірінен басқа ештеңені қабылдамайды.

2. Басқаның қателігін түзеп, сынайды – өз қателігін көрмей, тек басқаларға шүйлігіп, үнемі мін іздейді.

3. Адамдарды тыңдауды білмейді – тек өзі сөйлеп, басқаның ойын тыңдауға құлықсыз болады. Бұл — менмендіктің белгісі.

4. Адам сұрамаса да, кеңес береді – өзі сұралмаса да, "білгішсініп" ақыл айтып, өз ойын зорлап таңады.

5. Біреудің таңдауымен келіспесе, сынап, құнсыздандырады – басқаның өмірлік шешімдерін менсінбей, оны төмендетеді.

6. Өз қателігін мойындамайды – қателессе де, өзін кінәсіз көрсетіп, жауапкершіліктен қашады.

7. Әр әңгімеге эксперт сияқты араласып, өзін білгіш көрсетеді – барлық тақырыпқа араласып, өзін "бәрін білетін адам" етіп көрсетуге тырысады.

8. Адамдар оны бірден түсінбесе, кекетіп, ақымақ санайды – басқалардың түсінігіне сабырмен қарамай, оларды тез ақылсыз, білімсіз деп кемсітеді.

 

Omar Dermanның парақшасынан...

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс