Зікірдің үш түрі бар: ашық (жария), жасырын (ішкі) және нағыз, кемел.
1. Ашық (жария) зікір
Бұл – жолдың басында жүрген адамдарға тән.
Тілмен айтылатын зікір: шүкір, мақтау, мадақ айту, Алланың нығметтерін еске алу.
Бұл – сауапты көбірек іздегендердің зікрі.
2. Жасырын, ішкі зікір
Бұл – әулиелік дәрежеге жеткендерге тән.
Жүректің тереңінде жасалатын зікір: жалқаулықтан арылып, Алланың құзырында болуды сезіну.
Бұл – Алланың құзырын, рухани қатысуды іздегендердің зікірі.
3. Кемел, шынайы зікір
Бұл – рухани жолдың соңына жеткендерге тән.
Рухтың зікірі: Алла құлын Өз нұрымен
куәландыруы. Бұл – перделердің көтерілуін, ақиқатқа толық жетуді қалағандардың зікрі.
Мұндай зікір Алланың Затына қатысты рухани көріністерді тудырады.
Егер рухтың зікірі дұрыс болса, жүрек өздігінен тынышталады да, Алланың ұлылығын сезінуге беріледі. Бұл – нәпсінің жойылып, ақиқатқа енуін және Аллаға жақындауды білдіреді.
Ал егер жүректің зікірі дұрыс болса, тіл үнсіз қалады. Бұл кезде адам Алланың нығметтері мен сипаттарын ойлайды. Мұнда әлі де «мендік» қалдықтары бар, бірақ қабыл болу үміті күшейеді. Егер жүрек ғапыл болса, тіл әдетпен, сырттай ғана зікір айта бастайды.
Әр зікірдің өз кемшілігі (қаупі) бар:
+ Рух зікірінің кемшілігі – оны жүрек құпиясының байқап қоюы
+ Жүрек зікірінің кемшілігі – оны нәпсінің сезіп қоюы
+ Нәпсі зікірінің кемшілігі – мақтан мен себеп іздеу
+ Тіл зікірінің кемшілігі – ғапылдық пен салғырттық