ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігі «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бастамасына белсене қатысып орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласына 250 түп ағаш көшетін отырғызды.
Шараға дін қызметкерлері қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты аялаудың маңызын насихаттады.
Жалпы, көгалдандыру жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастырып, келешек ұрпаққа таза әрі көркем орта қалдыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып саналады.




