Бүгін Ақсу қаласында және мешіт ауласында көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 50 түп ағаш отырғызылды.
Бұл сауапты іске мешіт ұжымы белсене қатысып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты.
Іс-шараға ұйытқы болған мешіттің бас имамы Әбдімүтәліп Омаров барша қатысушыларға алғысын білдіріп, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
Табиғатты қорғау — әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Алла Тағала егілген әр ағашты берекелі етіп, ел игілігіне нәсіп етсін!



