Рухтың кемелденуі нәпсінің тәрбиеленуіне байланысты.
Нәпсінің жоғары мәртебелерінің бірі - "ән-нәфс ур-радия". Бұл мәртебеде адам басына не келсе де, қандай жағдайға тап болса да, барлығын да Сүйікті Раббысынан деп біліп, оның тағдырына шынайы разы болады. Ешбіріне де шағымданбайды.
Юнус Әміренің: "Kahrın da hoş, lütfûn da hos", – дегеніндей, яғни "қайғың да хош, сыйың да хош" деп, барлық халіне разы болады. Тағдыр оған мейлі раушан, мейлі тікен, мейлі шапан, мейлі кебін, мейлі жапа, мейлі опа, мейлі дерт, мейлі дауa сыйласын, бәрін де хош қабылдайды.
Міне, рухтың кемелдігі осы халде байқалады. Бұл разылық мәртебесінен соң құл Алланың өзі разы болған "ән-нәфс ул-мардыя" мәртебесіне көтеріліп, одан соң толық кемелдік баспалдағына аяқ басады. Бұл мәртебені де "ән-нәфс ул-камиля" деп атайды.
Бұл мәртебеге жетудің қысқа жолы Раббысына деген ғашықтық пен махаббат. "Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті” (Абай) деген сөз де осыны меңзеген.
Имам ән-Науауи «Рисалату әл-Мақасид» кітабында:
«Тасаууф жолының негізі бесеу: Алладан құпия, жасырын күйде қорқу, әрекетте, сөзде пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннетімен жүру, салихалы мінезге ие болу, азға, көпке Аллаға қанағат қылу, қиыншылықта, молшылықта Аллаға шүкіршілік айту».
Шопырды танымасаң да, втобуста жайбарақатсың.
Ұшқышты танымасаң да, ұшақта жайбарақатсың.
Капитанды танымасаң да, кемеде жайбарақатсың.
Өмір сапарың да Алланың бақылауы мен құдірет қолында, БІРАҚ НЕГЕ ЖАЙБАРАҚАТ ЕМЕССІҢ?
Неге мазасызсың?
Аллаға арқа сүйе!
Жаратқанған тәуекел ет!
Тыныштық тап!
Хасан Басриге жүрегінің қысылғанына, көңілінің тарылғанына шағымданып бір мүриді келеді.
– Шейхім! Жүрегім үнемі қысылады, ішім бір түрлі тыныштық табар емес, бітпейтін бір қайғы ішіндемін, – дейді мүриді.
Хасан Басри:
– Балам! Жүрек дертінің жалғыз дауасы – Алланы зікір ету. Зікіріңді тастама, зікір мәжілістеріне бар. Сол кезде жүрегіңнің дерті махаббатқа айналады! – дейді.
ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَتَطۡمَئِنُّ قُلُوبُهُم بِذِكۡرِ ٱللَّهِۗ أَلَا بِذِكۡرِ ٱللَّهِ تَطۡمَئِنُّ ٱلۡقُلُوبُ
Міне, солар – иман келтірген әрі Алланы зікір етіп, еске алу арқылы жүректері жай табатын ізгі жандар. Ендеше, біліп қойыңдар! Жүректер Алланы зікір ету арқылы ғана жай тауып, толық қанағаттанады! (Құран: “Ра'д” сүресі, 28-аят).