МЕЙІРІМ

МЕЙІРІМ

1
1 мин
МЕЙІРІМ

Бір адам күнә жасағанда,

Аспан Жаратушыға зар етіп:

– Уа, Раббым, рұқсат ет, мен мына адамның басына түсіп, жаншып тастайын! – дейді.

Жер:

– Уа, Раббым, рұқсат ет, мен бұл күнәкарды жұтып жіберейін! – дейді.

Теңіз:

– Уа, Раббым, рұқсат бер, мен оны батырып жіберейін! – дейді.

Ал Алла Тағала болса:

– Оны тыныш қойыңдар! Егер оны сендер жаратқандарыңда еді, сендер де Оны мендей жақсы көрер едіңдер, – дейді.

Мейірім – Алланың нығметі.

Кейде адамдар көбірек мейірім көрсеткен адамға байланып қалып, Жаратушысынан алыстап кетеді. Адам ең алдымен мейірім арқылы Алланы тануы керек. Әрбір адамның өз көзқарасы бар, адам қанша болса, мейірім де әртүрлі.

Біреу мейірімді еркелету арқылы берсе, біреу қымбат сыйлықтар арқылы өз мейірімін білдіреді, тағы біреу тәтті сөзбен мейірім береді.

Мейірімімізді бір-бірімізден аямайық.

Күнәкар болсақ та Алла бізді жақсы көреді екен, біз кімбіз қателіктерді кешірмейтін?..

Қателіктерімізді кешіре білейік...

Мұрат Рақымжанның фб парақшасынан

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс