![БЕС ЖАҚСЫ БЕС ЖАҚСЫ](/upload/iblock/f58/mm14ylwoc7l23z3yiq9yka98xgae2nh7.jpg)
Лұқпан хакімнен ұлы: “Әке! Адам үшін ең қайырлы нәрсе не?” деп сұрайды.
– Дін.
– Екеу болса?
– Дін мен дүние.
– Үшеу болса?
– Дін, дүние және ұят.
– Төртеу болса?
– Дін, дүние, ұят, көркем мінез.
– Бесеу болса?
– Дін, дүние, ұят, көркем мінез, жомарттық.
– Алтау болса?
– Әй, балам! Адам бойында осы бес қасиет болса, oл тақуа, әулие әрі Aлланың өзіне жақын қылған құлы болады, шайтаннан алыстайды.
Пікір қосу