БӨЛТІРІК ШЕШЕННІҢ БАЛАСЫНА АЙТҚАН ӨСИЕТТЕРІ

БӨЛТІРІК ШЕШЕННІҢ БАЛАСЫНА АЙТҚАН ӨСИЕТТЕРІ

55
1 мин
БӨЛТІРІК ШЕШЕННІҢ БАЛАСЫНА АЙТҚАН ӨСИЕТТЕРІ

«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе де жоқ.

Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылға айт.

Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл.

Қай жерде сөйлейтініңді біл.

Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл.

Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады».

«Жатқа сөйлеме, жаманға сөйлеме. Асырып сөйлеме, батырып сөйлеме. Жасқа сөйлеме, масқа сөйлеме, ұрыға сөйлеме, қараға сөйлеме. Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс. Жаманға айтқан сөзден, жақсыға айтқан сөз дұрыс. Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс. Ойсызға айтқан сөзден, ойлыға айтқан сөз дұрыс. Айтылмай қалған сөзден, айтылып қалған сөз дұрыс. Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең, бәрінен де сол дұрыс. Олай болмаған жерде, қанша асыл деме, сөзіңнің алды бұрыс, арты – ұрыс».

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс