ҚАЗАҚТЫҢ КЕЙБІР САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

ҚАЗАҚТЫҢ КЕЙБІР САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

2808
6 мин
ҚАЗАҚТЫҢ КЕЙБІР САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

АСЫРАП АЛУ

Баласы жоқ адамдар ерлі-зайыпты біреулердің (көбіне жақын туыстарының) баласын асырап алады, әрине баланың өз әке-шешесінің келісімі бойынша. Жаңа ата-ана балаға ат қойып, елдің алдында оның оң қолына асықты жілік ұстатады. Содан кейін жиналған адамдарға енді өзінің баласы екенін әйгілеп хабарлайды.

АТ ҚОЮ

Балаға ат қою - қазақта аса салтанатты жағдай. Әдетте ата-анасы әдемі, атақты, құрметті адамдардың атын қоюға тырысады. Сол атқа лайықты болуын қалайды. Атты сыйлы, құрметті адамға қойғызады.

Ат қойған адам сәбиге батасын береді.

Ат қою кейде қандай жағдайда, жылдың қай мезгілінде сәйкес келгеніне байланысты да қойылады. Мысалы, наурыз айы болса - Наурызбай, ораза уақыты болса - Ораз, Оразалы, айтта туса - Айтбай, Айткүл, шөп шабу кезеңі болса - Шөптібай.

Қыздар бірінен кейін бірі өмірге келсе - Ұлтуған, Ұлболсын, Ұлмекен, Ұлжан деп қояды да, артынан ұл келеді деген үмітте болады.

Ылғи ұлдар болса - көз тимес үшін Башай, Қосқұлан, Кептер, Күшік, т.б. деп атайды.

Дәл осындай дәстүр қазіргі кезде де жалғасын табуда. Мысалы, көп адамдар Бауыржан, Абай, Сәкен, Абылай, Фариза, Олжас деген сияқты әйгілі кісілердің есімдерін балаларына қояды.

АЙДАР ҚОЮ

Кейбір ата-аналар ұлдарының төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қоятын болған.

Оны "айдар" деп атаған.

Бұл негізінен тіл көзден сақтау үшін ер балаларға жасалған. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі.

"Салтың - санаң, дәстүрің - дәулетің һәм ғұрпың - ғұмырың" - дейді дана бабаларымыз.

АУЗЫНА ТҮКІРУ

Қазақ халқы өзінің әйгілі батырларын, ақындарын, би-шешендерін өте жоғары бағалай білген.

Әрбір ата-ана өз баласының соларға ұқсағанын қалаған. Сол себепті орайы келгенде сондай адамдардан баласының "аузына түкіруін" өтінген.

Яғни, баласының бойынан сол адамдарға тән ерекше жақсы қасиеттерді көргісі келген.

"Салтың - санаң, дәстүрің - дәулетің һәм ғұрпың - ғұмырың" дейді дана бабаларымыз.

БАУЫРЫНА САЛУ

Баланы уақытша тәрбиелеу үшін әдетте атасы мен әжесі, жақын туыстары қолдарына алады.

Осылай уақытша тәрбиелеу "бауырына салу" деп аталады. Сөйтіп атасы мен әжесі баланы тәрбиелейді. Олар баланың жақсы азамат болып өсуіне зор мән береді. Оның өнегелі адам болып, туған халқының жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне көмектеседі. Есейген соң бала өз ата-анасына қосылуы мүмкін немесе ата-әжесінде қалады.

КЕКІЛ

Баланың шашын әдемілеп алып, маңдай тұсына шаш қалдырады, маңдайына сәл түсіріп қояды.

Мұны "кекіл" дейді.

"Кекіл" ұл балаға жарасып тұрады.

"Салтың - санаң, дәстүрің - дәулетің һәм ғұрпың - ғұмырың" - дейді дана бабаларымыз.

ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ

Қырық күн өткен соң баланы әйелдер сұға түсіріп, шашын, тырнағын алады. Суға түсірген әйелдерге сый-құрмет көрсетіліп, рақмет айтылады. Жиналған адамдарды дастарқанға шақырады.

ТҰЛЫМ

"Адар" мен "кекіл" сияқты әдемілеп алып, екі жағынан бірдей желкесіне қарай азырақ шаш қалдырады. Тұлым негізінен қыз балаларға тән, кейде ұлдарға да қояды.

"Салтың - санаң, дәстүрің - дәулетің һәм ғұрпың - ғұмырың" - дейді дана бабаларымыз.

САТЫП АЛУ

Өмірге келген балалар бірінен соң бірі шетіней берсе, келесі туылған баланы біреуден сатып алады. Мұндайда дүнинге келген сәбидің үйіне бір кісі келеді де:

"Сен менің баламды ұрлап алыпсың, бер өзіме!" - деп ата-анасының қарсылығына қарамай, оны тартып алады. Содан бір-екі күннен кейін өз ата-анасы баланы "сатып алады". Баланы алған кісі сәбиді керегенің астынан береді. Сөйтіп үй иелері баланы "сатып алдық" деп есептейді. Мұның басқа жолдары да бар. Мысалы, бала ұзақ өмір сүру үшін оны жеті кемпірдің аяғының арасынан өткізеді. Жалпы, қазақ халқы бала өсіруді бақыт деп санаған, сол үшін де әрқашан балалы болуды армандаған.

ТЫМАҚҚА САЛУ

Егер бала күні жетпей туса, оны "шала туған" деп, тымаққа салып, адам көзі түсе бермейтін елеусіз бұрышқа, керегеге іліп, орнын жиі-жиі ауыстырып түрады. Басқа нәрестелерге қарағанда ерекше күтімге алып, жиі-жиі тамақтандырады.

ТОҚЫМҒАР

Ата жолашар дәстүрін жетеме жеткізе ұқтырып, сәл тыныстап алды да, сөз желісін жолаушыға байланысты тағы бір дәстүр - тоқымқағарды да айтып еді.

- Жолаушы сапар барысында көңілі бірде семіріп, бірде арықтап, жолдың ыстық-суығын басынан өткізіп, межелеген жеріне жетуі, одан мақсат етіп шыққан ісін орындап, сау-саламат үйіріне қосылуы өзіне де, жақындарына да зор қуаныш. Сол мерейлі күнге үмітпен қараған отбасы "ай жүрсе де, аман оралсын, ел-жұртына қайта қауышуға жазсын" деп тоқымғар дәстүрін жасайды. Тоқымқағарды жолаушының келер мерзімі таянғанда не кешіге бастағанда үй-іші дастарқан әзірлеп ауылдастарын дәмге шақырады.

"Жолаушының кешіккеніне қуан" деп кідірістің өзін жақсылыққа жориды.

Тоқымқағар дәстүрінің арнайы атқарылатын өз ырымы бар. Ол үйден тоқым алып шығып, "жолда ұзақ жүріп тоқымы шаң болыпты ғой" деп тоқымды қағып-сілкиді. Бұл - әдейі жорта істелетін әрекет. Бір жағынан, "азаматтың тоқымы далада иесіз қалмасын, шаң-тозаң болса да, шаңырағына сау келсін" деген таза ниет. Тілек тілде ғана емес, ділден, жүректен шынайы шымырлап шықса, Жаратқан иемнің кеңшілігі мол, ниет қабыл болады. Бұл - мен шығарған ғибрат емес, көпті көрген көсемдерден, дана абыздардан қалған сөз. Ата-бабалардың аманаты ретінде өз кезегімде мұны саған айтып отырмын.

Есіңе алып, ескеріп жүргін, - деп әңгімесін түйіндеді.

Мен де өз кезегімде атаның сол аманатын керек еткен адамдарға жеткізуді парыз көріп жазып отырмын.

 

Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс