АТЫМ ОЗСЫН ДЕСЕҢ

АТЫМ ОЗСЫН ДЕСЕҢ

26
3 мин
АТЫМ ОЗСЫН ДЕСЕҢ

Қазақ аты-жөн жазуда өзінің ата жолына түсуі тиіс! Ең алдымен тірі адамның өзінің аты айтылады әрі жазылады!

Сосын барып оның ататегі тіркеседі. Сонда біз адамды (тірі адамды) тез танимыз, тез білеміз.

Бізде қазіргі қолданыста патшалы орыс үкіметінің күштеп таңған үрдісімен әлі жүрміз. Орыстарда бірінші баяғыда өліп қалған атасының аты сосын өзінің аты сосын барып тағы бір өлген атасының аты жүреді. Екі жағында өліп қалған адамның ортасында тірі Иванды тауып аласың. Осыны орыс отарлауы бізге күштеп таңды. СССР оны дамытты. Ал біз осыдан айырылмай келеміз.

Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін, өмір тіршілікте жолы болып, алға басуы, жан-жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы үшін ең алдымен адамның бірінші өз аты жүреді. Өз аты ең бірінші тұруы тиіс! Дөңгелек үстелге шақыра ма, тағы басқа да орындарда боласыз ба, сіздің аты-жөніңізді орыс үрдісімен жазып қойған болса, тіпті кабинет тақтайшасына да, кез-келген құжатта, ең алдымен есіміңіздің бірінші тұрғанына көз жеткізіңіз, олай болмаса, солай болуын талап етіңіз!

Өлместің артынан өлмек жоқ. Тірі тірлігін істеуі тиіс!

Орыстардың дені неге араққұмар, неге шошқажегіш, неге басқаның жеріне көз алартады? Оның бір себебі арғы ата-бабасынан, оларды сүйегі қурап қалса да алдарына шығарып айта береді., айта береді. Өздері жоқ.

Біздің бұрынғы аруақты, айбатты өз ата-бабамызды айтқанда алдымен бірден атын айтамыз емес пе? Олар сол атымен тарихта қалды. Олар сол атымен үлкен істерді тындырды, үлкен ерліктерге барды. Олардың алдына атасының атын салмаймыз. Тек өзін атаймыз.

Адамның азан шақырып қойған аты алға шықпай өмір жолы кедергілерге толы болады. Ататегің тек сенің қайдан шыққаныңды анықтау үшін атыңа тіркесуі шарт. Ататек алға шықпауы керек. Біз славиян халықтары, соның ішінде орыс емеспіз, біз қазақпыз ғой! "Мен Қазақпын!" деген ұлтпыз! Халықпыз! Отарлаушы орыс үкіметі жүз жылдап бізді "киргиз, кайсак" деп кемсітіп келді. Рас қой? Ал бүгін азат елміз! Тәуелсіз мемлекетпіз! Ендеше әр қазақ айтуда, жазуда ең әуелі өзінің атынан бастасын! Осыны міндеттемей болмайды.

Балабақшалар мен мектептерде, кішкентай ұл-қыздарымыз, мысалға Боранбай Айгүл немесе Дауылбай Асқар деп тұрады. Айгүл үш жастағы бүлдіршін, Асқар он жасар бала дейік. Осылар студент болғанда да осы үрдіс. Негізі Айгүл Боранбай, Асқар Дауылбай болуы керек!

Қайтқан атасының, не жасарын жасаған, асарын асаған әкесінің артына, ортасына тығылмай, яки аруақты мазаламай тірі адамның аты ең бірінші тұруы тиіс! Сонда ғана дүниең түзеледі!

Адамның аты алға шықпай, қазақтың ісі алға баспайды! Бұл рас нәрсе!

Мұнайдар БАЛМОЛДА

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс