ҚАРЫЗ АЛҒАН ҚАЛТАСЫНАН АЛАДЫ!

ҚАРЫЗ АЛҒАН ҚАЛТАСЫНАН АЛАДЫ!

462
2 мин
ҚАРЫЗ АЛҒАН ҚАЛТАСЫНАН АЛАДЫ!

Бүгін бір журналист келіп қарыз алушы мен беруші жайлы сұхбат алып кетті. Сағадат-Әбәдия (мәңгілік бақыт) ғылымхал кітабында бүй дейді:

“Ең жақсыларың - қарызын тезірек қайтарғандар!” дейді хадисте. Бір адам мал-мүлкі бола тұра, қарызын қайтаруды бір сағатқа кешіктіретін болса залым, күнәһар болады. Намаз оқып тұрса да, ораза ұстап жүрсе де, ұйықтап жатса да әр сәт лағынетте қалады. Қарызды қайтармау ұйықтап жатсаң да жазыла беретін күнәға жатады. Мал-мүлкі болуы деген сөз тек ақшасы болуы керек деген сөз емес. Сатылатын заты бола тұра сатып қарызынан құтылмаса, күнә жасаған болады. Бұхари хадис жинағында:

“Мойнында берешек қарызы бар адамның берген садақасы қабыл болмайды!” делінеді. Қарыз берген адам қалаған уақытыңда қайтарарсың десе, мүмкіндігі бола тұрып қайтармаса мәкрүһ болады”.

Соңғы кездері қарыз алып қайтармау үрдісі артып бара жатқандай. Алыс-беріс, барыс-келіс адами қатынастарды нығайтады, достыққа дәнекер болады. Ал қарыз алып қайтармау керісінше сол байланысты үзеді, сенімді жоғалтады. Біреудің кесірінен екінші біреуге қарыз бермейтін болады.

Әрине, таныстыққа салып, жақындыққа салып көбімен заңдық талап, шағым жасалмайды. Бірақ бұл жақсы үрдіс емес. Әсіресе дінге жақын жүргендердің мұндай әрекетке баруы үлкен қасірет, имандылықты былай қойғанда адамдыққа жат!

Айтқан сөзге тұрмаған – жаман емей немене,

Сұрағанды бермеген – сараң емей немене,

Кісі ақысын көп жеген - арам емей немене,

Сыртыңдағы қулығың – амал емей немене (Бұхар жырау).

Кеңшілік ТЫШХАНҰЛЫ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс