АРХАИЗМ, НЕМЕСЕ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР

АРХАИЗМ, НЕМЕСЕ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР

2
3 мин
АРХАИЗМ, НЕМЕСЕ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР

Архаизм - көнерген сөздер. Бұған ескі әдебиеттерде кездесетін, қазіргі кезде жиі қолданылмайтын сөздер, сөз тіркестері жатады. Архаизм көркем әдебиетте белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалады.

Ел арасында қолданыста көп болмайтын, қолданған жағдайда бүгінгі жастарымыз түсінбейтін ауыспалы мағынада айтылатын сөздер мен сөз тіркестері жайлы көптен жиып теріп жүргенім бар еді. Соны бөлісіп отырмын. Білмегендер біле жүрсін деген ой ғой.

Дәстүрде арқау болады.

Нәпсіде тоқтау болады.

Сөзде астар болады

Ойда тереңдік болады.

 

Қиялда тізгін болады.

Ақылда көрегендік болады.

Әңгімеде түйін болады.

Тілде уыт болады.

 

Ақын арқалы болады.

Шешен жүйрік болады.

Қолда кір болады.

Әулиеде пір болады.

 

Батырда білек болады

Арқада тірек болады.

Байда азу болады.

Кедейде жүрек болады.

 

Жүректе түк болады.

Көңіл асау болады.

Қараңғы түнек болады.

Көзде сұқ болады.

 

Жігітте тек болады,

Қызда төркін болады.

Қазанда құлақ болады

Шаңырақта құт болады.

 

Баста бақ болады.

Көз қорқақ болады

Қол батыр болады.

 

Күн ұзын болады.

Уақыт қысқа болады.

Тіл сүйексіз болады.

 

Жан ауырады.

Түс суық болады,

Ажар ашық болады.

 

Ниет ақ болады.

Пиғыл сұм болады.

Тілек қабыл болады,

 

Алысың сағым болады.

Жақының жат болады.

Жорғаң ат болады.

 

Малды түлік дейді,

Дүниені мүлік дейді.

 

Антты серт дейді

Өлімді мерт дейді.

Ауруды дерт дейді.

 

Өнерліні шебер дейді

Белдікті кемер дейді.

 

Жалғызды тағы дейді

Көзімнің ағы дейді.

Көзді жанар дейді

 

Көп сөзді бәдік дейді

Қанық реңді әсіре дейді,

Жиеннің малын бәсіре дейді

.

Мұрында маңқа болады,

Үйде қаңқа болады.

 

Көнді шарық дейді

Тоюды қарық дейді.

 

Қолды қары дейді.

Көкекті сары дейді.

Жетімді тұл дейді.

Ақшаны пұл дейді.

 

Бетті әр дейді.

Мұқтажды зар дейді.

 

Қуатты әл дейді,

Тазды кәл дейді.

Тиюды сап дейді,

Көмейді қап дейді.

 

Лайықты шақ дейді.

Кеудені төс дейді.

Лашықты қос дейді.

 

Мұң басса кіреуке дейді.

Әлсізді лекер дейді.

Қуды мекер дейді.

 

Сұлуды пері дейді,

Ерді сері дейді.

 

Адамның аласы болады,

Жанның жарасы болады.

 

Жоғарыны төр дейді,

Намыстыны өр дейді.

 

Кектену ақы болар,

Жаманнан запы болар.

 

Жақсыны зият дейді,

Медетті мият дейді.

 

Аспанды зеңгір дейді.

Теректі өндір дейді.

 

Ширақты құмбыл дейді.

Ойықты шұңғыл дейді.

 

Арқанды кендір дейді.

Шың басын сеңгір дейді....

 

Сұлухан МЫҢБАЙ

Сарыағаш ауд.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс