AМАЛДАРДЫ ҮЗБЕЙ ЖАСАУ

AМАЛДАРДЫ ҮЗБЕЙ ЖАСАУ

792
2 мин
AМАЛДАРДЫ ҮЗБЕЙ ЖАСАУ

Пайғамбарымыз (с.a.у.) бір хадисінде былай дейді: “Aмалдың Aлла Tағалаға ең ұнамдысы аз да болса үзбей жасалғаны”.

Өйткені салих амалды үзбей жасау және оған селқос қарамау адамның ғибадатқа мән беретінінің бір белгісі. Адамның ғибадаттың әсерін көруі және оны пайдасына жаратуы ол амалды біраз уақыт үзбей жасап, сол амалмен жүрегі тыншу тапқаннан кейін ғана болмақ. Амалдың күйбең тірлік саябыр тапқан кезге тура келуі керек. Сондықтан оған қол жеткізу үшін ол амалды үнемі жасап тұрудан басқа жол жоқ.

Лұқман алейхиссәлам былай деген:

“Өзіңді жиі-жиі кешірім сұрауға дағдыландыр. Өйткені Aлла Tағаланың тағдыр еткен сондай кезі бар, сол сәтте сұрағанды бос қайтармайды”.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) хадисінде былай деген:

Сендер шамаларың жеткенше амалдарыңды үзбеңдер. Өйткені сендер амалдан қол үзбейінше Алла Тағала да сендерге сауап жазуды тоқтатпайды”. 

“Кімде-кім дағдысына айналған зікірді не оның бір бөлігін ұйқысының себебінен өткізіп, таң намазы мен бесін намазының арасында жасаса, құдды түнде істегендей оған (сауап) жазылады”.

Бұл хадисте адамның үзбей жасайтын дұға, зікірі немесе нәпіл ғибадаты дағды бойынша орындалатын болса, істей алмағандай жағдайда кейін орындауға кеңес берілуінің екі себебі бар:

Біріншісі, нәпсіге ғибадатты тастау оңай болмауы үшін және оның әдетке айналмауы үшін. Өйткені кейін қайта жалғастыру қиын болады.

Ал екінші себебі, мұны кейін жасамаса, жауапкершілік сезімі көмескіленіп, Алла Тағалаға ғибадат мәселесінде немқұрайлылық сезінбейді.

Қысқасы, Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: “Дұрыс бағыттан айнымаңдар. (Дұрыс бағытта болудың сауабын) санап тауыса алмайсыңдар. Шамаларың жеткенше амал жасауды тоқтатпаңдар”.

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс