Қаракесек Дөненқара әрі бай, әрі батыр екен.
Дөненқара жүз қаралы ұры ұстайды. Бірде Алтай елінің жылқысын айдатып алдырыпты. Жылқының ізіне түсіп барғандарға теңдік бермей, ауылға жолатпай жіберіпті.
Содан қасына бес жігіт ертіп, Байдалы би өзі аттаныпты. Бұлардың ауылға жақындаған қарасын байқап, төбе үстінде отырған Дөненқара қасындағыларға:
" Алыстан көретін, көргенін ілетін, Қуандықтың қыраны, Байдалы би келе жатыр, қамданыңдар",- дейді. Қолтығынан демеп, аттан түсірген Дөненқараға Байдалы би:
" Мен саған қараймын, сен Құдайға қара",-деп, жоғары қарапты.
Дөненқара кінәсін түсініп, биді төрт-бес күн құрметтеп, жылқысын түгендеп айдатып берген екен.