ЖОЛБОЛДЫ АУЛЫНА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ЖОЛБОЛДЫ АУЛЫНА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

1478
1 мин
ЖОЛБОЛДЫ АУЛЫНА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жолболды аулында жаңа мешіт бой көтеріп, жамағатқа есігін айқара ашты.

Екі жыл бұрын құрылыс жұмысы басталған бұл мешіттің ашылу салтанаты қыркүйек айының 28-і күні өткізіліп облыс, ауданның басшылары, қадірменді ата-апалар, құрметті азаматтар және ауыл халқы тайлы-тұяғы қалмай жиналды.

«Осы ауылдың тумасы, Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қазбекұлы бастамашы болып, ауыл халқы, қалталы азаматтар мен демеушілердің көмегімен жүзеге асқан осынау сауапты да үлкен шара барысында «Мешіт асханасы» да халық игілігіне қоса берілді.

Мешіттің ашылу құрметіне арналып қазақтың салт-дәстүріне орай ат жарысы, қазақша күрес, садақ ату жарыстары ұйымдастырылып қомақты жүлделер мен сыйлықтар табыстылды. Жарыстарға көрші облыстардан да жүйрік аттарымен қоса атан жілікті палуандар да келіп қатысты. Болашақта бұл мешіт жамағатпен көркейіп, имандылықтың ұйытқысы болған үлкен бір орда боларына сенеміз»-дейді облыс бас имамы Жолдас Қопақұлы.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

12.jpeg

13.jpeg

14.jpeg

15.jpeg

16.jpeg

17.jpeg

18.jpeg

19.jpeg

20.jpeg

21.jpeg

22.jpeg

23.jpeg

24.jpeg

25.jpeg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс