Жуырда ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Екібастұз ауданының Бәйет ауылының тұсында (Астана-Павлодар тас жолының бойында) заманға сай жолаушыларға арналған намазхана ашылды.
«Бұл ШҚО, Абай облысы арысы Жетісу, Алматы облысын жалғап жатқан үлкен күре жол бойы, әлбетте бұл жолмен жүргеншілер өте көп ағылады. Сондықтан да Екібастұз ауданының имамдары және кәсіпкер азаматтардың қолдауымен намазханада ұзақ жолда шалдығып келе жатқан жолаушылардың тоқтап тыныстап, дәреттеніп, ғұсіл құйынып, асықпай намазын өтеп аттануына барлық мүмкіндіктер жасалған»-дейді Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы.







