22 қыркүйек күні Павлодар облысында жаңа мешіт ашылды. Яғни, Павлодар ауданына қарасты Заря ауылдық округнің Жертұмсық аулында жаңа мешіттің ашылу рәсімі үлкен салтанатпен аталып өтті. Мешіт құрылысы әлбетте халықтың бастамасы арқылы кәсіпкерлердің қолдауымен бой көтеріп, ресми тіркеуден өтті.
Ашылу рәсіміне облыстық орталық мешіттің наиб имамы Қанат Қабаев және Павлодар ауданының әкімі Николай Васильевич Дычко және басқа ресми адамдар, Павлодарлық құрметті азаматтар, ақсақалдар мен апалар, ауыл жамағаты қатысты.
Ашылу шарасында мешіт салу ісіне белсенді қатысқан көптеген азаматқа ҚМДБ, Бас мүфти атынан және облыс бас имамы атынан «Алғыс хаттар» табыс етілді.
Соңы ақ дастархан жайылыпғ ақ баталар беріліп тойға ұласқан бұл шараның барысында «Дін мен дәстүр» жобасы аясында қазақ күресі және ат бәйгесі өткізіліп, орын иеленгендерге қымбат сыйлықтар мен жүлделер берілді.
Осылайша ауыл халқы жаңа мешітін жарқын көңіл күймен қарсы алды.






