«УМАР ӘЛ-ФАРУҚ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

«УМАР ӘЛ-ФАРУҚ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

738
1 мин
«УМАР ӘЛ-ФАРУҚ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Павлодар қаласының «Умар әл-Фаруқ» мешітінде Мәуліт рухани шарасы ұйымдастырылды.

Рухани шараға Павлодар облысы бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы, қалалық мешіттіер имамдары, «Әбу Бакір Сыддық» медресе колледжі ұстаздары және мешіт жамағаты қатысты.

Рухани кеште «Әбу Бакір Сыддық» медресе колледжі ұстаздары мен шәкірттері Мәуліт оқып, «Умар әл-Фаруқ» мешіті имамы Ақтөре Әліпбайұлы мешіт қызметкерлерімен жиналған жамағатқа дастархан жайды. Кеш барысында облысымыздың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы Салауаттың пайдасы, Салауат айтудың маңыздылығы тақырыбында уағыз насихат айтып, «Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көру біз үшін міндетті, салауат айту парыз болып табылады» - деп атап өтті.

Сонымен қатар «Мәуліт кеші Екібастұз қаласы, Шарбақты, Баянауыл аудандарында өтіп, бір ай ішінде облыстық барлық қала аудан мешіттерінде өтетінің айтты.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс