Бүгін ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігінің «Жастар ісі секторы»-ның ұйымдастыруымен Республика күніне орай мемлекеттік ту тарату акциясы өткізілді.
Акцияға «Әбу Бәкір сыддық» медресе-колледжінің шәкірттері қатысты. Жалауша «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласы, С.Торайғыров университетінің ауласы, «Манақбай» базары және автобу, трамвайлардың ішінде, аялдамаларда таратылды.
Акцияның негізгі мақсаты патриотизмді ояту, Еліне, Отанына, Халқына, Туға деген құрметті апттыру болмақ.
Шәкірттер халықты «Республика күні» мерекесімен құттықтап, жақсылық тіледі.






