«Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Шараға облыстың бас имамы Жұманазар Өсерханұлы, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің имамдары және қалалық мешіттердің жастар ісін жауаптанған дін қызметкерлері, «Аталар мектебі» ұйымының мүшелері, жамағат өкілдері, өңірге танымал той жүргізуші-тамадалар және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кездеу аясында қазақ халқының той өткізу дәстүрі, ұлттық құндылықтар мен ислам дініндегі әдеп мәселелеріне тоқталды. Тойдың мақтан мен атақ шығарудың бәсекенің емес, береке мен бірліктің, тәлім мен тәрбиенің ордасы болуы керектігі айтылды.
Облыс бас имамы Жұманазар Өсерханұлы өз сөзінде ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды сақтау, той мәдениетін қалыптастыру және ысырапшылдықтың алдын алу және ұлттық дәстүрлер мен ислам құндылықтарының сабақтастығы, жастарға өнегелі тәрбие беру және қуанышты сәттерді имандылық қағидаларына сай өткізу жөнінде ойларын ортаға салды.
Жиында ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен тағылымды пікірлеріне де мән беріліп, ұлттық тәрбиені келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ тойларда ысырапшылдыққа жол бермеу, шариғат талаптарын сақтау, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Той – тек қуаныштың емес, тәрбие мен тағылымның да ордасы!






