Павлодар облысының Үстел теннисі федерациясы және Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешіті мен «Жастар ісі секторы»-ның бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық барлық мешіт жамағаты және жастары арасында үстел теннисінен облыстық турнир өткізілді.
Турнир "Jenimpaz" спорт кешеніңде өтті.
Аталған жарысқа облыстан 12 команда қатысып орын алған жүлдегерлер алғыс хат және қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Марапаттау шарасына Павлодар облысы бойынша «Зекет қоры» қолдау көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша:
1-орынды Әбу Бәкір Сыддық медресесі,
2-ші орынды Бижан мешіті,
3-ші орынды Ақсу қаласынан келген теннисшілер алды.
Соңында Павлодар облысы бойынша Жастар ісі секторы меңгерушісі Біржан Бахытұлы барлық қатысушыларға рахмет айтып, алғыс білдірді.


