ШЕГІРЕН АУЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ШЕГІРЕН АУЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

652
1 мин
ШЕГІРЕН АУЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шегірен аулында жаңа мешіт бой көтеріп, халық қызметіне пайдалануға берілді. Бұл облыс бойынша 108-ші, Шарбақты ауданы бойынша 11-ші мешіт.

Мешіттің ашылу рәсіміне облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қатысып, салтанатты рәсімді өткізді. Мешіт ашылу рәсімі жоғарғы деңгейде өтті. Ас беру, күрес, спорттық шаралар, байге жарысы ұйымдастырылды.

Мешітке Ибрахим (а.с) пайғамбардың аты беріліп, мешіт имамы қызметіне Абай Ақтарбайұлы тағайындалды.

Мешіт сыйымдылығы 80-100 адамға арналған, еденнен жылыту қондырғысы орнатылып, орталықтан жылу жүйесі қосылған. Заманауи үлгідегі құрал жабдықтармен қамтылып, айналасы толық абаттандырылып, жол жүру жолақтары, көлік тұрағы, қоршауы барлығы алдын ала дайындалған.

Мешіт ауыл тұрғындары, намазхан жамағаттардың, кәсіпкер азаматтардың жәрдемімен бой көтерді.

Алла халқымызға береке берсін. Жаңа мешіт құтты болсын!

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

8.jpg

9.jpg

10.jpg

11.jpg

12.jpg

13.jpg

14.jpg15.jpg

16.jpg

17.jpg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс