ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ “ЖАҢА АУЫЛ” АУЫЛЫНДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ “ЖАҢА АУЫЛ” АУЫЛЫНДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

388
2 мин
ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ “ЖАҢА АУЫЛ” АУЫЛЫНДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

Қасиетті жұма күні Шарбақты ауданы Жаңаауыл ауылындағы «Нұрағзам» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті. Мәуліт – пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ дүниеге келген күнін еске алып, оны сүю мен құрметтеудің белгісі болып саналады.

Мереке жұма намазының уақытында басталды. Алдымен аудан бас имамы Исабек Ақжол жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірінен уағыз-насихат айтып, ардақты Елшінің адамзатқа әкелген үлгісі мен көркем мінезі жайлы баяндады. Жамағатты сүннетті ұстануға, ізгілік пен имандылыққа шақырды. Уағыздан кейін жұма намазы оқылып, Мәуліт мерекесі жалғасын тапты.

Іс-шара барысында мешіт имамы Қайыртасқа алғыс хат табыс етіліп, имамның еңбегіне сәттілік тіледі. Бұл – ауыл жамағатына қызмет етіп жүрген имамның еңбегіне деген ризашылықтың белгісі болды.

Жұма намазынан соң жиналған жамағатқа мешіт атынан ас су ұсынылып, бір дастарқан басында Құран оқылып, дұға жасалды. Жамағаттың бірлігі артып, Мәуліт мерекесі рухани мазмұнға толы берекелі басқосуға айналды.

Мәуліт – тек діни рәсім ғана емес, жүректерге иман нұрын құйып, жастарға өнеге беретін үлкен тәрбие мектебі. Ардақты Пайғамбарымызды ﷺ еске алып, оған салауат айту – әрбір мұсылман үшін сауапты іс.

Шарбақты ауданы Жаңаауыл ауылында өткен Мәуліт жиналған жамағатқа ерекше қуаныш сыйлап, рухани азық болды. Алла Тағала осындай игі басқосуларды жиі нәсіп етсін.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс