Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Қожынкөл ауылы «Құдайберген ата» мешітінің ұйымдастыруымен сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттер арасында асық атудан сайыс болып өтті.
Ауыл имамы Тайбек Калыков жетекшілігімен өткен жарыста бүлдіршіндер өзара бақ сынасып, шеберліктері мен мергендіктерін ортаға салды.
Айта кетсек, аудан имамдары өзара бас қосу жиынында мешіттерде сауат ашып, тәлім алып жатқан шәкірттерге Құран, әдеп дәрістерімен қатар дін мен дәстүр, ізгі қоғам қалыптастыру бағытын және түрлі сайыстар мен көңіл сергітер бағдарламалар ұйымдастырылып келеді.


