ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде қала, аудан имамдарына арналған "Қазіргі заманда дұрыс пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі" атты семинар өткізілді.
Семинарды ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жүргізді. Сансызбай Құрбанұлы имамдарға пәтуа берудің әдептері мен әдіс-тәсілдерін үйретіп, қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Наиб мүфти одан кейін қалалық "Ақмешіт" мешітінің жамағатына "Рамазан-мейірім айы" тақырыбында әсерлі уағыз айтып, ел-жеріміз үшін дұға жасады.
Келесі кезекте наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Екібастұз қаласына арнайы келіп, құфтан намазынан кейін Екібастұз мешітінің жамағатымен кездесті. Кездесу барысында жамағатқа оразаға дайындық, тақуалық т.б. тақырыптарында келелі уағыз айтты.
Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Павлодар облысындағы жұмысын одан әрі жалғастырып, 20 ақпан күні ақшам құптан намазында Павлодар қаласындағы «Ақмешіт» мешітінде жамағатқа кездесті. Кездесуде ислам және отбасы, бала тәрбиесі, неке маңыздылыңғы туралы шариғи келелі кеңестер айтылып, алда келе жатқан Рамазан айы туралы жан-жақты түсініктеме беріліп, соңы сұрақ-жауаптармен аяқталды.
Келесі 21ақпан күні Сансызбай Құрбанұлы Павлодар қаласындағы «Әбубәкір сыддық» медресе-колледжінде барып болашақ имамдарға уағыз айтудың әдебі, білім алудың маңыздылығы халықпен тіл табысу, уағыз насихатты дұрыстап жеткізу туралы жан-жақты насихат айтты. Соңы медресе шәкірттерімен сұрақ-жауапқа ұласты.
Павлодар қаласында орналасқан Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 44 мекемесінде болып жазасын өтеушілермен кездесіп, ол жерде имандылық,жат ағым, адамның нәпсісін реттек, тақуалық туралы айтылып, аяғы сұрақ -жауаппен аяқталды.
Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлының іс-сапарының соңғы күні орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жамағатқа «Исламдағы көркем мінез» тақырыбында уағыз айтумен байыды.
























