Павлодар қаласы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде әр жұма күні «Мүфтият» баспасынан жарық көрген діни кітаптар жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.
Жамағатқа пайдалы рухани әдебиеттер таныстырылып, мазмұны түсіндіріліп, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған игі іс тұрақты жүзеге асуда.