Алдағы қыркүйек айында Павлодар қаласында 13-реткі Республикалық Құран жарысы өткізіледі.
Осы ауқымды шараға орай Бас мүфти хазіреттің тапсырмасы бойынша ҚМДБ, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы мен Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы Павлодар облысына арнайы келіп өңірлік имам-молдалармен кездесу өткізді.
Кездесуде Құран жарысының жоғары деңгейде өткізілуін пысықтап, дайындық барысына баса назар аударды.
Сонымен қатар жауапкершілікті білуді, алдағы уақытта кім қандай жұмыстар атқаруы керек екендігін жан-жақты талқылап тиісті нұсқаулар мен тапсырмалар берді.


