РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТІЛУДЕ (ФОТО+ВИДЕО)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТІЛУДЕ (ФОТО+ВИДЕО)

1288
1 мин

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өтіп жатқан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауы тікелей эфирден берілуде.

Атап айтқанда, Діни басқарманың «Munara TV» телеарнасы мен «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан тікелей көрсетілім ұсынылуда.

Екі күнге жалғасатын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысуда. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан сайыскерлер 4 аталым, яғни Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша сынға түсуде.

https://www.youtube.com/watch?v=1pWzAGv0eVA







  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс