Республика күніне орай Павлодар облысының «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруы, «Сауап» тобының қолдауымен «Қолдан – қолға» акциясы арқылы мұқтаж болған 60 отбасына азық-түлік пакеті таратылды. Пакеттерде күнделікті тұтынатын азық-түліктер қамтылған.



