ҚМДБ, РАНТ мүшесі Желеуов Дастан имам қазан айының 03-04 -күндері Павлодар қаласында іс-сапармен болды.
РАНТ мүшесі осы мерзімде №46 және №63 түзету мекемелерінде сотталушылармен кездесу өткізіп «Түркілердің тарихы және діни ұстанымы», «Қазақ даласынан шыққан ғұламалар» тақырыптарында уағыз-насихаттар айтты.
Уағызшы, теолог Дастан Сүлейұлы сонымен қатар қалалық «Ақмешіт» мешітінде «Бауырмашылдық жайлы», Ақсу қалалық мешітінде жұма уағызын жүргізіп, Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы көпсалалы колледжіде студент жастармен кездесу өткізді.
Іс-сапарының соңғы күнінде Екібастұз қалалық мешітінде жамағатпен кездесу жасап уағыз айтумен қатар, жастармен кездесіп «Жат діни ағымдардан сақтану» бағытында келелі әңгімлер өткізіп, сұрақтарға жауап берді.







