ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, Теміртау қаласы орталық мешітінің бас имамы Жанболат Жұматұрұлы арнайы іс-сапармен қараша айының 20-21 күндері Павлодар облысында болды.
Ол осы сапары барысында жоспар бойынша Павлодардағы №63 (СИЗО) түзеу мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.
Сонымен қатар РАНТ мүшесі Жанболат Хушкельдиев Павлодар облысы бойынша Түзету мекемелерінде және Павлодар қалалық «Ғазиз» мешітінде, Баянауыл ауданы «Мұса мырза» мешіті жамағатына уағыз айтып сұрақтарына жауап берді.









