РАНТ мүшесі, уағызшы Ғазиз Ахмет Павлодар облысында арнайы іссапармен болды. Ғазиз Ахмет іс-сапарының алғашқы күні «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде облысқа қарасты қала, аудан имамдарына «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында семинар өткізді. Келесі кезекте Ғазиз Ахмет Павлодардағы №46 (СИЗО) түзеу мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесу өткізді және ақшам құптан намазы аралығында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жамағатқа тағылымды уағыз айтты.
Келесі күні таңертең Ғазиз Ахмет Павлодар қаласы маңындағы №63 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесіп жат ағым, ақида, фиһқ, мұсылман әдебі т.с.с жан-жақты уағыздар айтты.
Келесіде қалалық «Ақмешіт» мешітінде «Жат діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Осы күні кешкісін Екібастұз қалалық мешітінде болып, ақшам-құптан аралығында жиналған жамағатқа "Мұсылманның мұсылман алдындағы ақысы" тақырыбында уағыз айтты.









