ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы арнайы Павлодар облысындағы іс-сапары аясында имамдар мен пәтуаға жауапты мамандармен кездесіп қазіргі уақытта жаңадан шыққан пәтуалар туралы, пәтуаны беру тәсілдері, оның ережелері, оның тәртіптерін баяндалып түсіндірді. Өйткені қазіргі уақытта пәтуаға байланысты көптеген сұрақтар туындап жатыр. Әлеуметтік желілерде де жиі айтылуда.
Сонымен қатар, кім пәтуа беруге лайықты, не нәрсеге жүгіну керек, қандай бағыттарды ұстану керек деген мәселе көтерілді.
Соңында пәтуаға қатысты мамандардың сұрақтарына жауап берілді.