РАМАЗАН АЙЫ - ҚҰРАН АЙЫ

РАМАЗАН АЙЫ - ҚҰРАН АЙЫ

1043
1 мин
РАМАЗАН АЙЫ - ҚҰРАН АЙЫ

ҚМДБ, Павлодар облысы Ертіс ауданы «Ержан» мешітінің ұйымдастырумен жасөспірім ер балалардың арасында "РАМАЗАН АЙЫ - ҚҰРАН АЙЫ" атты Құран Кәрімді жатқа оқудан аудандық жарыс өтті. Жарысқа 19 бала қатысты. Ағашорын ауылынан 4 бала, Қызылжар ауылынан 3 бала, Ертіс ауылынан 12 бала.

22 сүре жаттаған балалар арасынан суырылып алға шыққан Жоламан Әмір ( Ертіс) 3 орын, Сапарғали Алдияр ( Ертіс) 2 орын, Арынғазы Сырым ( Ертіс) 1 орынға ие болды.

Ал 15 сүре жаттағандар ішінен Даулетбай Нұршат мен Балтағұл Аблайхан 3 орынға тұрақтаса, Оразалин Марғұлан 2 орын, Дәулетбай Аршат 1 орынға ие болса, бас жүлдеге ие болған Арстан Ерасыл велосипедке иеленді.

"Ержан" мешітінің бас имамы Төлеген Бахытбек шәкірттер мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, ұстаздарға да көтерме сыйлықтар табыс етті. Ағашорын ауыл мешітінің имамы, ұстазы Амантай Кәкімовтың еңбегін де ерекше атап өтті. Қызылжар ауылының имамы Тілекжан Темірбаев, "Ержан" мешітінің ұстазы Асхат Тұрсыновқа разылығын білдіріп, шапан мен сәлдені сыйлыққа тарту етті.

Рамазан айының құрметіне орай келген қариларға Ержан М., Ырысалды Ж. да жалпы қатысқан барлық шәкірттерге сый - сияпат жасалды.

Асхат ұстазда өз тарапынан талапты, табанды шәкірттеріне сыйлық тарту етті.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

8.jpg

10.jpg


  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс