Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті және облыстық мәдениет басқармасының қолдауы арқылы Исламмен біте қайнасқан салтымызды насихаттау, жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі тәлім-тәрбиені қалыптастыру бағытында облыстық «Жарапазаншылар сайысы» алғаш рет ұйымдастырылды. Аталмыш сайысты ұйымдастыру ісіне бастамашы болған қоғам белсендісі Ертай Қабылқақов есімді азамат
Сайыс Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде өтіп, қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері тамашалады. Сайыс аса қарқынды әрі қызықты болып өтті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша: Екібастұз қаласының өнерпаздары Білал Тілеген, Азамат Әсет, Еділбаев Алмас бас жүлдеге ие болды.
1 орын - Ғани Нұрсұлтан, Бейбітхан Есім.(Аққулы ауданы)
2 орын - Рамазан Махамбет (Ақтоғай ауданы)
3 орын - Мизан Жұмәлі (Павлодар қаласы)
«Үздік дәстүрлі орындау» номинациясы-Қызырбай Дүйсенбек, Қуанышбек Нұрбек (Павлодар қаласы)
«Көрермен көзайымы» - Әміржан Нұрлы (Павлодар қаласы)
Арнайы алғыс хат - Ысқақ Мағжан (Павлодар қаласы)
Орын иеленген қатысушыларға Алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы «Жастарға және жеткіншектерге берері көп мұндай нәтижелі шараны бұйырса алдағы жылдарда дәстүрге айналдыруды мақсат ететін боламыз»-дейді.











