ПАВЛОДАРДА «ЕРІКТІ БОЛУ- ӨМІР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ПАВЛОДАРДА «ЕРІКТІ БОЛУ- ӨМІР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

806
2 мин
ПАВЛОДАРДА  «ЕРІКТІ БОЛУ- ӨМІР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» корпаративтік қорының жоспарына сай Павлодар облысының Павлодар және Ақсу қалаларында "Ерікті болу-өмір құндылығы" атты семинар өткізілді.

Семинарға дін қызметшілері мен жанашырлары, еріктілер, студент жастар, мешіт жамағаты өкілдері қатысты.

Семинарға Астана қаласының«Зекет және қайырымдылық» корпаративтік қорының Мирзакулов Әли Әзімбекұлы қатысып аталмыш қордың миссиясы, атқарып келген сауапты іс-шаралары, алдағы бағыттары мен жоспарлары туралы кең көлемде түсініктеме берді.

Келесі кезекте Павлодар облысының бас имамы Жолдас Коспақұлы және «Зекет және қайырымдылық» корпаративтік қорының Павлодар облысы бойынша өкілі Қанат Алпысұлы Тлеубаевтар аталмыш бағытта Павлодар облысынан атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Мәселен, Қанат Алпысұлы өз сөзінде төмендегі деректерді тілге тиек етті:

-                 Су тасқынынан зардап шеккендерге “Қиындықта ел бірге!” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткен болатын. Осынау кезенде зардап шеккен аймақтарға ел болып көмек көрсетіліп, табиғи апат салдарын бірге еңсерген болатынбыз.

Атап айтсақ, 86 фура, 150 газель, 15 альфард, 1 жүк вагоны, 2 камаз, 8 эвакуатор, 2130 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді. Оның ішінде 800 тонна азық-түлік, 25 қайық, 3 қайық моторы, 5 дизельді генератор, сондай-ақ құрал-сайман, төсек-орын, киім-кешек жөнелтілді.

-                 Жарамсыз үйлер салдарынан далада қалған тұрғындарға “Зекет” қорының “Ел үлесі пәтерге” жобасы аясында 11 баспана табысталды. Құтқарушылармен бірге жұмылып 1113 мешіт қызметкері, 2050 еріктілер қапшықтарға құм толтыру, гуманитарлық көмекті үлестіру, суды бөгеттеу, жоғалған малды іздестіру жұмысын атқарды. Апат орын алған орындардың басы-қасында жүрген волонтерлер тобы тұрғындарға 10 күн ыстық тамақ таратты.

-                 Жастардың ерен еңбегіне орай алдыңғы қатарда жүрген екі еріктіге қажылыққа жолдама тарту етілді.

-                 Төтенше жағдай кезінде ашылған сбор нәтижесі бойынша 24 925 000 теңге қаржы жиналды. Одан бөлек 44 346 000 теңге “Зекет” қорының есепшотына келіп түсті. Қорытындылай келе, ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры 584 000 000 теңге қаржыны құрайтын көмек көрсетті.

00.jpg

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

8.jpg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс