Павлодар қаласындағы темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өткізілді. Осы жөндеудің нәтижесінде барлық қабаттырындағы бөлмелер жаңаланды, жаңадан бөлмелер де ашылды.
Вокзалдағы ескі намазхана бөлмесі де күрделі жөндеуден өтті. Сондықтан әрі-бері өткен жолаушыларға дәрет алып, намазын оқып кетуіне барлық жағдайы жасалғанын сүйіншілеп хабардар етеміз.
Осы сауапты іске атсалысқан Павлодар темір жол вокзалының ұжымына алғыс айтамыз!