МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ: БҰРЫНҒЫНЫ АЙТПАЙ, БҮГІНГІ СӨЗ ОЙҒА ТҮСПЕЙДІ.

МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ: БҰРЫНҒЫНЫ АЙТПАЙ, БҮГІНГІ СӨЗ ОЙҒА ТҮСПЕЙДІ.

1525
1 мин
МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ: БҰРЫНҒЫНЫ АЙТПАЙ, БҮГІНГІ СӨЗ ОЙҒА ТҮСПЕЙДІ.

Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстарға және адам мінездеріне деген көзқарастағы анықтық, ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. Осыған орай Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ойларын ұсындық.

1) Бұрынғыны айтпай, бүгінгі сөз ойға түспейді.

2) Дене – бір қараңғы үй, жан – сол үйді жарық қылып тұрған сәуле.

3) Жан деген – қолға түспейтұғын, еккенмен бітпейтұғын, қуғанмен жетпейтұғын, кісі өзі жасап ала алмайтұғын бір зор күшті қуат.

4) Күн жоқ болса, көлеңке қайда?!

5) Кең тозбайды, кеңескен азбайды.

6) Ауру емес, сау емес, мінезді қалай бағамыз.

7) Істің ағы білмейді, ердің бағы біледі.

8) Бұл дүние – бір қараңғылықтай нәрсе. Оны жанды қылатұғын – әбілхаят суындай сөз.

9) Замана түрленді, жақсылар кірленді, ызасы у жерлік!

10) Бар болса, жарыққа шықсын,

Шын болса, аныққа шықсын!

Құй бар болсын, құй жоқ болсын,

Сөйленген сөз әшкере боп, халыққа шықсын!

11) «Құдай кешер!» дегенмен іс бітпейді.

12) Бас қосып, қадірлессең жақсылармен,

Тарқайды біраз құмар, көңіл шері.

13) Бір дем – әрі, бір дем – бері.

(Ербол Шаймерденұлы құрастырған 

«Қазақ афоризмдері» кітабынан іріктеліп алынды)

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс