ПАВЛОДАР: ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ

ПАВЛОДАР: ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ

582
1 мин
ПАВЛОДАР: ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ

Бүгін ҚМДБ, Павлодар облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде таңғы сағат 07.00де Айт намазы оқылды. Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде адам толы болды, алдымен уағыз айтылып, уақытында Айт намазы өтті.

Намаздан кейін мешіттің белсенді жамағаты мешіт ауласында намазға қатысушыларға бауырсақ, палау таратты.

Негізгі ресми шара «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің үлкен ауласында сағат 14.00де басталды. Облыстың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлының құттықтау сөзінен кейін «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен мешіттің әйел жамағаты, әйел шәкірттері мен қажы апалар, өнерпаз жастар арнайы бағдарлама бойынша жиналған халыққа ұлттық ән-күй, би, терме-жырдан өнер көрсетіп, мешіт тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

Ал мешіт ауласындағы 12 қанатты зәулім киіз үйде «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапхана меңгерушісі Назым апай Ғиззатқызының ұйымдастыруымен ҚМДБ- ның 35 жылдығына орай тарихи фото суреттер мен осы уақытта ҚМДБ сараптамасымен жарық көрген кітаптар көрмесі жасалып, көрерменге көзайым болды.

Сонымен қатар киіз үйде қажы апалар мен әйел-қыздар секторы бірлесіп ұлттық нақыштағы тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар көрмесі де жасалып жиналған қауым молынан тамашалады.

Бұл жерде мешіттің шәкірт балаларына әртүрлі викториналық сұрақтар өткізіліп сыйлықтар берілді.

Соңында мешіт алаңына жиналған халыққа наурыз көже, бауырсақ, палау үлестірілді.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

12.jpeg

13.jpeg

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

14.jpeg

15.jpeg

16.jpeg

17.jpeg

18.jpeg

19.jpeg

20.jpeg

21.jpeg

22.jpeg

23.jpeg

24.jpeg



  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс