Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Павлодар облысына жаңа Бас имам тағайындалды.
Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес, Павлодар облысының Бас имамы болып Жұманазар Садырханов тағайындалды.
Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өткен тағайындау рәсіміне ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы қатысып, жұма намазына жиналған жамағатқа Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, тиісті бұйрықты оқып берді.
Жұманазар Садырханов бұған дейін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған. Құран Кәрімді толық жаттаған қари, «Нұр-Мүбарак» университетінің дінтану мамандығы бойынша магистрі, ҚМДБ жанындағы Қарилар алқасының мүшесі.


